Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2020.28.12. № 2 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.24.08. № 17 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.19.07. № 10 бұйрығымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 36) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.22.11. № 34 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.19.07. № 10 бұйрығымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Инновациялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инновация, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022.24.08. № 17 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)